Спорт

Қазақстан конкуршылары 20 жылдан кейін Азиадада 14-орын алды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Қазақстанның конкурдан ұлттық құрамасы Аичи–Нагоя-2026 Азия ойындарындағы өнерін аяқтады. Жекелей финалда Олег Соколенко Cinderella атты тұлпарымен 14-орынға тұрақтап, құрлықтың үздік 20 спортшысының қатарына кірді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық құрама бұл додаға соңғы рет 2006 жылы қатысқан болатын. Осылайша, 20 жылдық үзілістен кейінгі құрлықтық жарысқа қайта оралу маңызды нәтижемен ерекшеленді.

Азиадаға дайындық кезінде спортшылар мен аттарды әзірлеу, оқу-жаттығу жиындары, халықаралық бәсекелерге қатысу, ветеринариялық қызмет және логистикалық жұмыстар атқарылды.

Олег Соколенконың 14-орны командаға халықаралық тәжірибе жинауға және Азияның мықты спортшыларымен бәсекелесуге жол ашты.

Ұлттық құраманың келесі жарысы 28 қазан – 1 қараша аралығында Астанада өтеді. Елордада FEI World Cup Eurasian League аясындағы халықаралық турнир ұйымдастырылады.

Көп оқылғандар