Сурет: Egemen Qazaqstan
Астанада жасанды интеллект арқылы түсірілген фильмдерге арналған халықаралық Astana AI Film Festival 2026 фестивалі мәреге жетті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Байқауға 125 елден 8 067 туынды қабылданған. Фестивальдің жалпы жүлде қоры 1 миллион долларды құрады.
Бас жүлде – 450 мың доллар – латвиялық режиссер Николай Шестактың «The First Honest Day» фильміне бұйырды.
Екінші орынды үндістандық режиссер Абхик Банерджи «Sitara» картинасымен жеңіп алып, 200 мың долларға қол жеткізді.
Үшінші орын мен 100 мың доллар испаниялық режиссер Эрнест Десумбилаға «Looking for Perseida» фильмі үшін табысталды.
Сонымен қатар қазылар алқасы арнайы номинациялар бойынша да жеңімпаздарды анықтады.
Қазақстандық Мырзахан Жұмахан «IT WAS JUST A JOKE» фильмі үшін «Best Character» номинациясында үздік деп танылып, 50 мың доллар көлеміндегі жүлдеге ие болды.
Тағы 50 мың доллардан қытайлық 2xLabs командасына «The Last Span» фильмі үшін, италиялық режиссерлер Якопо Дзанетти мен Якопо Реалеге «What’s the Job?» және «The Fracture» фильмдері үшін, сондай-ақ америкалық Закари Лондонға «Pomegranate» фильмі үшін берілді.
