Шартарап

GTA VI бір тәулікте 3,79 млрд доллар сатылым рекордын орнатты

Сурет: muz-tv.ru

Grand Theft Auto VI (GTA VI) ойыны әлемдік ойын-сауық өнімдері арасында сатылым бойынша рекорд жаңартты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Take-Two Interactive компаниясының дерегінше, 19 қарашадағы релизден кейінгі алғашқы тәулікте ойынның бөлшек саудадағы көшірмелерінің жалпы құны 3,79 млрд долларға жеткен. Компания бұл соманың баспагердің таза табысы емес екенін атап өтті.

Сонымен қатар, ойын ресми шыққанға дейін оның 32,5 млн данасы сатылған.

Салыстыру үшін, 2013 жылы шыққан GTA V алғашқы тәулікте шамамен 800 млн доллар әкелген. Осылайша, GTA VI алғашқы күнгі сатылым көрсеткіші бойынша алдыңғы бөлігінен бірнеше есе асып түсті.

Бұған дейін GTA VI табысы Кристофер Ноланның «Одиссея» фильмінің әлемдік прокаттағы кірісінен асып түскені хабарланған еді.

Көп оқылғандар