Шартарап

Жас ғалымдарды қолдау қазақстандық ғылымның кадрлық әлеуетін нығайтады

Ғылыми ынтымақтастықты дамыту зерттеушілердің жаңа буынын даярлауды талап етеді. Ғылым және жоғары білім министрлігінің деректері бойынша, гранттық қаржыландырудың бес конкурсының қорытындысында екі мыңнан астам жас ғалым мен зерттеуші 690 жоба аясында өздерінің ғылыми идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік алды. Министрлік қаржыландыратын ғылыми жобаларда жас зерттеушілердің үлесі орындаушылар құрамының кемінде 30%-ын құрауы көзделген. Бұл олардың ғылыми ұжымдарда жұмыс істеу тәжірибесін жинақтауына және қолданбалы міндеттерді шешуге қатысуына мүмкіндік береді.
Ғылыми зерттеулерді қаржыландырумен қатар халықаралық ғылыми тағылымдамалардан өту мүмкіндіктері мен әлеуметтік қолдау шаралары кеңейтілуде. Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, жас ғалымдардың саны 2019 жылғы 9 704-тен 2025 жылы 14 323-ке дейін өсті.

Көп оқылғандар