Сурет: muz-tv.ru
Grand Theft Auto VI (GTA VI) ойыны әлемдегі ойын-сауық өнімдері арасында сатылым бойынша рекорд орнатты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Take-Two Interactive компаниясының мәліметінше, 19 қарашадағы релизден кейінгі алғашқы тәулікте сатылған көшірмелердің бөлшек саудадағы жалпы құны 3,79 млрд долларға жеткен. Компания бұл соманың баспагердің таза табысы емес екенін атап өтті.
Сондай-ақ ойын ресми түрде жарыққа шыққанға дейін оның 32,5 млн данасы сатылған.
Салыстыру үшін, 2013 жылы шыққан GTA V алғашқы тәулікте шамамен 800 млн доллар табыс әкелген. Осылайша, GTA VI алғашқы күнгі сатылым көрсеткіші бойынша алдыңғы бөлігінен бірнеше есе асып түсті.
Бұған дейін GTA VI ойынының табысы Кристофер Ноланның «Одиссея» фильмінің әлемдік прокаттағы кірісінен асып түскені хабарланған еді.
Мазмұнға өту
