Спорт

Рыбакинаны жеңген теннисшінің бұрын үздік 20-лықпен ойнамағаны белгілі болды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Армениялық теннисші Алина Чараева (WTA рейтингінде 118-орын) әлемнің бірінші ракеткасы, қазақстандық Елена Рыбакинамен кездескенге дейін әлемдік үздік 20 теннисшісінің ешқайсысымен ойнамаған, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Олардың кездесуі Қытайдың Бейжің қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің екінші айналымында болды. Матч күтпеген нәтижемен аяқталып, армениялық теннисші 3:6, 6:4, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Рыбакинамен кездескенге дейін Чараева әлемдік рейтингтің алғашқы жиырмалығына кіретін теннисшілердің ешқайсысымен ойнамаған. Сонымен қатар ол бұған дейін үздік 30-дықтағы теннисшілердің бірін де жеңіп көрмеген.

Чараеваның Рыбакинаға дейінгі ең жоғары рейтингтегі қарсыласы қытайлық Ван Синьюй болған. Ол кезде Ван Синьюй WTA рейтингінде 31-орында тұрған.

Армениялық теннисші қытайлық қарсыласын Испанияның Ла-Бисбаль-д’Ампурдан қаласында өткен WTA 125 санатындағы турнирде 7:5, 3:6, 7:6 есебімен жеңген.

Көп оқылғандар