Спорт

Кими Антонелли «Формула-1» тарихындағы ең жас чемпион атанды

Сурет: idman.biz

Италиялық спортшы Кими Андреа Антонелли «Формула-1» жарыстары тарихындағы ең жас чемпион атанды. Ол бұл атақты 20 жастан екі ай асқанда Мексика Гран-приінің қорытындысы бойынша жеңіп алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жарыста Антонелли мәреге үшінші болып жетіп, жеке есепте 380 ұпай жинады. Бұл оған чемпиондық атақты маусымның аяқталуына төрт кезең қалғанда мерзімінен бұрын жеңіп алуға мүмкіндік берді.

Осылайша, Кими Антонелли Себастьян Феттельдің 16 жыл бойы сақталып келген рекордын жаңартты. Феттель чемпиондық атағын 23 жасында жеңіп алған болатын.

Антонелли – 1953 жылдан бері «Формула-1» чемпионы атанған алғашқы италиялық. Ол патшалық жарыстардағы дебютін небәрі өткен жылы жасаған.

Айта кетейік, «Барселонаның» 19 жастағы вингері Ламин Ямаль «Райо Вальеканоға» қарсы матчта дубль жасап, каталондық клуб тарихындағы кезекті рекордын жаңартты.

Көп оқылғандар