Спорт

Шерзод Давлатов дзюдодан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Сурет: olympic.kz

Бакуде дзюдодан ересектер арасындағы әлем чемпионатының алғашқы күнінде финалдық белдесулер өтті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

60 келі салмақта сынға түскен отандасымыз Шерзод Давлатов шешуші кездесуде жергілікті балуан Ахмед Юсифовпен күш сынасты. Әзірбайжандық палуан басым түсіп, қазақстандық дзюдошы күміс медальға қол жеткізді.

Шерзод Давлатовтың финалға дейінгі жолы:

  • 1/32 айналым: Лойк Кудбудинов (Тәжікстан);
  • 1/16 айналым: Рауль Брийан Нганджи (Бурунди);
  • 1/8 айналым: Панамерика ойындарының чемпионы Микел Аугусто (Бразилия);
  • Ширек финал: әлем чемпионатының күміс жүлдегері Ромен Валадье-Пикар (Франция);
  • Жартылай финал: әлем чемпионы, Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Рюдзу Нагаяма (Жапония).

Аталған әлем чемпионатына биыл 93 елден 622 татами шебері қатысып жатыр.

Бұған дейін Шерзод Давлатовтың жартылай финалда сәтті өнер көрсетіп, финалға шыққаны туралы хабарлаған едік.

Көп оқылғандар