Сурет: Egemen Qazaqstan
Елордалық «Барыс» хоккей клубы сырт алаңдағы екінші жеңісін қатарынан екінші матчта соңғы минуттарда есепті өзгертіп барып алып кетті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
«Спартакқа» қарсы ойында негізгі уақыт бітуге 98 секунд қалғанда Тайс Томпсон шайбаны қарсылас қақпасына соғып, есепті теңестірді. Осылайша матч овертаймға жалғасты. Буллиттер сериясында елордалықтар жеңісті өздеріне тартты.
Айта кетейік, қазір «Барыс» ҚХЛ-да ең көп шайба соққан команда ретінде көш бастап тұр.
