Сурет: ашық дереккөз
Теміртау қаласында Республика даңғылындағы бір пәтерден 52 жастағы ер адам мен 49 жастағы әйелдің мәйіті табылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Марқұмдардың денесінде пышақ жарақаттары анықталған. Ерлі-зайыптыларды өлтірді деген күдікке олардың 20 жастағы ұлы ілікті. Күдікті жедел іс-шаралар кезінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қарағанды облысының полиция департаментінің мәліметінше, «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.
«Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді», делінген хабарламада.
Бұған дейін Шымкентте күйеуін пышақтап өлтірді деген күдікпен 27 жастағы әйел ұсталған туралы хабарлаған едік.
