Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықтық цифрлық экономиканы дамытуға және азаматтар мен бизнестің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Құжат цифрлық жұмыспен қамтуды өрістетуге, жасанды интеллектіні пайдалануға және отандық өнімді өткізу нарығын ұлғайтуға бағытталған.
Жарлық бойынша Үкімет 2026 жылғы 1 желтоқсанға дейін халықтық цифрлық экономиканы дамыту жөніндегі кешенді жоспарды бекітуге тиіс.
Құжатта азаматтардың цифрлық платформалар арқылы табыс табуына жағдай жасау, қысқа мерзімді ақылы тапсырыстар санын көбейту және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін құқықтық режимді жетілдіру қарастырылған.
Сонымен қатар ауыл өндірушілерінің өнімін электрондық сауда алаңдары арқылы өткізу, логистикалық инфрақұрылымды дамыту және кәсіпкерлерді цифрлық саудаға бейімдеу шаралары көзделген.
Жаңа бастамалар 2027 жылы өңірлерде пилоттық режимде іске қосылады. Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Мазмұнға өту
