Сурет: ашық дереккөз
Кенияда Эбола вирусынан тағы бір адам көз жұмды. 65 жастағы әйелдің бойында ауру белгілері карантин кезінде анықталған, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Марқұм қазан айының басында Эболадан қайтыс болған ер адамның жақын туысы болған.
Елде індетті жұқтырудың тоғыз жағдайы тіркелген. Қазір жеті науқас екі оқшаулау орталығында ем қабылдап жатыр.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, індетті жұқтырғандардың барлығы науқастармен байланыста болған адамдар арасынан анықталған.
Еске сала кетейік, Конгода өршіген Эбола індеті 4 елге тарады.
Мазмұнға өту
