Сурет: Синьхуа
Қытай Жерді қашықтықтан зондтауға арналған екі топтағы жерсеріктерді орбитаға сәтті шығарды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
«Синьхуа» агенттігінің мәліметінше, «Яогань-53» тобының 07-09 нөмірлі және «Яогань-56» тобының 19-21 нөмірлі жерсеріктері Астана уақытымен сағат 06:25-те «Чанчжэн-4Б» (Long March-4B) зымыран тасығышымен ұшырылды. Ғарыш аппараттары жоспарланған орбиталарына сәтті жетті.
Жерсеріктер ғылыми эксперименттер жүргізуге, жер мен табиғи ресурстарды зерттеуге, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін бағалауға, сондай-ақ табиғи апаттардың алдын алуға және олардың салдарын азайтуға көмектеседі.
Бұл ұшыру «Чанчжэн» («Ұлы жорық») сериясындағы зымыран тасығыштардың 673-миссиясы болды.
Еске сала кетейік, Қытайдың Тибет автономиялық ауданында болған жер сілкінісінен 16 адам қаза тауып, тағы 65 адам жарақат алған еді.
Мазмұнға өту
