Қоғам

Астанадан Оманға алғашқы тікелей рейс орындалды

Сурет: Аir Astana

«Air Astana» әуе компаниясы Астана – Салала бағыты бойынша тұңғыш рейсін жасады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Республика күні қарсаңында аттанған ұшақпен Оманға 140 жолаушы ұшты. Рейстер Airbus A320 ұшақтарымен орындалады.

Қазіргі уақытта SalamAir компаниясы Алматы – Маскат бағыты бойынша тұрақты рейстер жасайды. Жаңа бағыт екі ел арасындағы туристік, сауда-экономикалық және мәдени байланыстарды дамытуға жол ашады.

Бұл бағыт Қазақстанның халықаралық әуе қатынасын кеңейту және транзиттік әлеуетін арттыру жөніндегі жұмыстар аясында ашылды. 6 қазанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидтың кездесуінде екі ел үкіметтері арасында әуе қатынасы туралы келісімге қол қойылған болатын.

Көп оқылғандар