Ағымдағы жылдың 21 қарашасында кезекті ауылшаруашылық өндірушілер жәрмеңкесі ұйымдастырылылды. Жәрмеңке барысында тұрғындарға ет және ет өнімдері қолжетімді бағамен ұсынылды. Жәрмеңкеге ет өнімдері Бәйтерек, Теректі, Сырым, Казталов, Ақжайық аудандарының шаруа қожалықтарымен әкелінді, сондай-ақ, 40 — тан астам тауар өндіруші қатысты. Атап айтқанда, сиыр және жылқы еті 3 100 теңгеден/кг, қой еті 3 300 теңгеден/кг сатылды. Жәрмеңке нәтижесінде жалпы көлемі 20 тонна ет өнімдері өткізілді. Сонымен қатар, қала тұрғындарына құс етін (тауық, үйрек, қаз), және киік етін сатып алу мүмкіндігі берілді.
Қала тұрғындарын әсіресе сиыр мен жылқы етінің мол таңдауы ерекше қуантты. Жәрмеңкелер жыл соңына дейін апта сайын 2 локацияда өтетінін еске саламыз: М. Ихсанов көшесінде — сенбі күндері, «Жәңгір хан» СО алдында (Зачаганск кенті) — жексенбі күндері.
Мазмұнға өту
