Сурет: Astana Musical
Астанадағы Astana Musical мемлекеттік театрында «Мюзикл әлеміне саяхат» атты театрландырылған бағдарлама көрерменге жол тартты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Режиссер Айдар Ақыпбаев басқарған бағдарламада отандық «Достар серті», «Роза Бағланова», «Алдар көсе» қойылымдарымен қатар әлемге танымал «Moana», «Mamma Mia», «Moulin Rouge», «Romeo and Juliet», «Beauty and the Beast», «Notre Dame de Paris», «Aladdin», «Memphis», «Waitress», «Hamilton» мюзиклдерінен үзінділер көрсетілді. Сонымен қатар «Seasons of Love» музыкалық нөмірі орындалды.
Кеш барысында жанды вокал, хореография және сахналық көріністер арқылы әр туындының өзіндік ерекшелігі ашылды. Бағдарлама махаббат пен достық, арман мен үміт, кейіпкерлердің сезімі мен тағдыры тақырыптарын қамтыды.
Есләм Нұртазин жетекшілік ететін театр репертуарында «Астана – менің махаббатым», «Ер Төстік», «Жырлайды жүрек», «Мен сағындым…», «Қыз Жібек», «№13», «Шаңырақ», «Сиқырлы сазды хор-концерт», «Сынақ» және «COVID-19» қойылымдары бар. Жуырда театр жасанды интеллект тақырыбына арналған «Зейін» қойылымын сахналады.
Мазмұнға өту
