Жайық news

БҚО мәслихаты депутаттығына кандидат Нұргүл АШЫҚОВА: «Қуатты өңір – жайлы қала – жауапты депутат!»

2026 жылдың 29 қарашасы күні өтетін барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауына алуан-алуан жүйріктер үміттерін үкілеп қатысқалы жатыр. Әрине, әркім әліне қарай шабары әмбеге аян. Бірақ, сол алқалы топтың ішінде айрықша көзге түсетін, шабысы бөлек, шоқтығы биік, тәжірибесі толысқан, таланына халықпен етене жүру жазылған мықтылар болады.

№10 бірмандаттық аумақтық сайлау округінен облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Нұргүл Әжібайқызы Ашықова дәл сондай адам.

Бұған дейін қалалық мәслихатта жүрген кезінде Ашықованың халыққа қаншалықты ашық болғандығын өзінің сайлаушылары, қала берді көзіқарақты қауым жақсы біледі. Шаһар әкімдігіндегі лауазымды азаматтармен тізе қосып, талай түйіткілдің шешілуіне тікелей араласты, ұдайы елдің ортасынан табылды. Кей мәселелерде, тіпті, өз қалтасынан қаржысын салып, атымтай жомарттық жасағанын жақсы білеміз.

Ең бастысы, Нұргүл Әжібайқызы қарапайым ортадан шыққан, әке-көкесіз, таза еңбегімен, адал кәсіп жасап, биікке көтерілген адам.

«Азаматтың бабымен талассаң да, бағымен таласа алмайсың» дейді дана қазақ. Алдағы сайлауда бабы келіскен Н.Ашықованың бағын жандыру Сіз бен Бізге байланысты, ағайын. Сондықтан, баршаңызды 29 қарашада сайлауға барып, Нұргүл Әжібайқызына дауыс беруге шақырамыз!

ҚАДІРЛІ ЖЕРЛЕСТЕР!

ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!

Мен, Ашықова Нұргүл Әжібайқызы, 1972 жылы Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Саралжын ауылында дүниеге келдім. Орал қалалық кооперативтік техникумда бухгалтерлік есеп мамандығын меңгердім. Еңбек жолымды сауда саласында бастап, кейін жеке кәсіпкерлікпен айналыстым. Орал қалалық мәслихатының VII және VIII шақырылымдарының депутаты ретінде тұрғындардың өтініштерімен, әлеуметтік мәселелермен және қайырымдылық бастамаларымен жұмыстандым. «Әділет» партиясының Әйелдер қанатының өңірдегі төрағасымын.

№10 округ тұрғындарының күнделікті өміріне әсер ететін мәселелерді шешуге бағытталған бағдарламамды ұсынамын. Басты назарым – жол, инженерлік желілер, тұрғын үй қауіпсіздігі, тарихи орта және әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігі.

2026–2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕР

  1. САПАЛЫ ЖОЛДАР ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗ ҚОЗҒАЛЫС

Абай және Назарбаев даңғылдарының, Құрманғазы, Дәулеткерей, Чапаев, Коровин, Махамбет–Исатай көшелерінің округке кіретін бөліктеріндегі жолдар мен тротуарлардың жағдайын зерделеу. Әбіш Кекілбаев көшесін күрделі жөндеу жобасының шекарасын, құжаттамасын және қаржыландыру мәртебесін нақтылау. Жаяу жүргіншілер өткелдері, жарықтандыру және су бұру мәселелерін кешенді қарастыру.

  1. СУ, КӘРІЗ ЖӘНЕ ЖЫЛУ ЖЕЛІЛЕРІ

Жиі апат болатын инженерлік желілердің мекенжайлық тізімін қалыптастыруға ықпал ету. Құрманғазы – Есқалиев бағытындағы ТМ-2 жылу магистралін жаңарту жобасының округке қатысты бөлігін нақтылау; ТМ-7 бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижесін зерделеу. Жөндеуден кейін жолдар мен аулалардың қалпына келтірілуін бақылау.

  1. ЕСКІ ЖӘНЕ АПАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР

Тұрғын үйлердің техникалық жай-күйін зерделеп, қауіпті нысандар бойынша жауапты органдарға ұсыныстар енгізу. Абай даңғылы, 44 мекенжайына қатысты жобаның мәртебесін нақтылау. Күрделі жөндеу және көшіру мәселелерінде меншік иелерінің құқықтарының сақталуына назар аудару.

  1. ЖАЙЛЫ АУЛАЛАР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ОРТА

Аулаішілік жолдар мен жарықтандыруды жақсарту, балалар және спорт алаңдарын жаңарту бастамаларын қолдау. Тұрғындардың ұсыныстарымен басым аулалар тізімін жасау. Көлік тұрағын реттеу кезінде жаяу жүргіншілер мен арнайы көліктердің өтуін ескеру.

  1. ТАРИХИ ОРТАЛЫҚТЫ САҚТАУ

Оралдың тарихи ғимараттары мен сәулеттік келбетін қорғау, қасбеттерді ретке келтіру және жасыл желектерді сақтау мәселелерін көтеру. Абай даңғылы мен Құрманғазы көшесіндегі қоғамдық кеңістіктерді жаңартуда тарихи ортаның ерекшелігін ескеру.

  1. ЖАЙЫҚ ПЕН ШАҒАННЫҢ ЭКОЛОГИЯСЫ

Өзен жайылмаларына іргелес аумақтардағы су тасқыны тәуекелдерін бағалау, су бұру жүйелерін күтіп ұстау және төтенше жағдайларға дайындық мәселелерін көтеру. Жағалауды тазарту, жасыл желекті сақтау және экожүйеге зиян келтірмейтін абаттандыруды қолдау.

  1. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ

Емханаларға жазылу, медициналық тексеру, қызмет сапасы бойынша тұрғындардың өтініштерін қарау. Зейнеткерлер, көпбалалы отбасылар және мүгедектігі бар азаматтар үшін әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін, қоғамдық ғимараттардағы кедергісіз ортаны жақсартуға ықпал ету.

  1. БІЛІМ БЕРУ, БАЛАЛАР ЖӘНЕ ЖАСТАР

Мектептер мен балабақшалардың инфрақұрылымдық қажеттіліктерін анықтау. Оқу орындары маңындағы қауіпсіз өткелдер мен жарықтандыру мәселелерін көтеру. Балалардың спорт, шығармашылық және қосымша білім алу мүмкіндіктерін, жастардың кәсіптік даярлығы мен жұмыспен қамтылуын қолдау.

  1. ШАҒЫН БИЗНЕС ЖӘНЕ ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ

Сауда, қызмет көрсету, қоғамдық тамақтану, қолөнер және туризм салаларындағы кәсіпкерлердің мәселелерін зерделеу. Мемлекеттік органдармен ашық диалог орнатуға, жастар мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың қолдау бағдарламаларына қол жеткізуіне жәрдемдесу.

  1. ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ АШЫҚ ЕСЕП

Көшелер мен аулалардың жарықтандырылуын, тазалығын және қоғамдық қауіпсіздігін бақылау. Тұрғындардың өтініштері бойынша депутаттық сауалдар жолдап, облыстық бюджет талқылауында маңызды жобаларды көтеру. Атқарылған жұмыс туралы тұрақты есеп беру.

 Халық сенімі – басты жауапкершілік!

(Материалдың жариялану ақысы кандидаттарға бөлінген республикалық бюджет қаражаты есебінен төленді)

Көп оқылғандар