Сурет: gov.kz
Астананың алты ауданында Республика күніне орай ашық аспан астындағы мерекелік концерттер өтіп жатыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, Алматы ауданында Теміржолшылар тұрғын алабында концерт өтіп, онда Лұқпан Жолдасов, Меруерт Бақыт, Ералы Қанжығалы, «Алтын» триосы, «Айша бибі» дуэті және «DiEra» триосы өнер көрсетеді. Сағат 15:00-де бағдарлама «Жастар» саябағында жалғасады, мұнда Дидар Мансұр, «Айлин» триосы, Медет Шайкелов, «Астана» тобы, Парасат Отан және «Алтын» триосы ән салады.
Байқоңыр ауданында Өндіріс тұрғын алабында Фарида Жолдасова, Бауыржан Исаев, Мадина Исламова, Әкімхан мен Ақбота, Даниял Ахметов және «Айлин» триосы өнер көрсетеді. Сағат 15:00-де «Ататүрік» саябағында Мадина Исламова, Аян Жаймағамбетов, «Айша бибі» дуэті, DOS, «Алтын» триосы және Мәди Қадыров сахнаға шығады.
Есіл ауданында сағат 15:00-де Бағыстан тұрғын алабында Алтыншаш Мұқатаева, Фарида Жолдасова, Бауыржан Исаев, «DiEra» триосы, «Белес» дуэті және «Айлин» триосы өнер көрсетеді.
Нұра ауданында сағат 12:00-де Үркер тұрғын алабындағы «Айғыржал» гүлзарында бағдарлама басталып, Тұрар Төлеутай, Айгүл Иманбаева, Дидар Әбдіхалық, «Жарық» дуэті, Аян Жаймағамбетов және «Qazaq Voice» триосы ән шырқайды. Сағат 15:00-де Жағалау тұрғын алабында Нұрбол Балапанова, Медет Салықов пен Клара Төленбаеваның дуэті, «Еркем» триосы, Тұрар Төлеутай, Меруерт Бақыт және Аян Жаймағамбетов өнер көрсетеді.
Сарайшық ауданында Өнеркәсіп тұрғын алабында Медет Салықов пен Клара Төленбаеваның дуэті, Алтыншаш Мұқатаева, Нұрбол Балапанов, «DiEra» триосы, Ералы Қанжығалы және «Алтын» триосы өнер көрсетеді. Сағат 15:00-де Отау шағынауданында Даниял Ахметов, Айгүл Иманбаева, Әкімхан мен Ақбота, «Qazaq Voice» триосы, Дидар Әбдіхалық және «Жарық» дуэті ән салады.
Сарыарқа ауданында «Көктал-1» тұрғын алабындағы «Наз» мемлекеттік би театрының алаңында Аян Жаймағамбетов, Зарина Омарова, Парасат Отан, «Еркем» триосы, Тұрар Төлеутай және «Астана» тобы қатысып жатыр. «Көктал-2» тұрғын алабындағы «Қорғалжын» гүлзарында Мәди Қадыров, Медет Шайкелов, Дидар Мансұр, Бауыржан Исаев, «Айлин» триосы және «Белес» дуэті өнер көрсетеді. Сағат 15:00-де Қалалық алаңда DOS, Лұқпан Жолдасов, Зарина Омарова, Ералы Қанжығалы, «DiEra» триосы және Тұрар Төлеутай ән салады.
Айта кетейік, Республика күніне орай елордада мәдени, танымдық, білім беру, спорттық, экологиялық және әлеуметтік бағыттағы 120-дан астам іс-шара ұйымдастырылып жатыр.
Мазмұнға өту
