Спорт

Алина Чистякова Азиадада жетісайыстан қола жүлде алды

Сурет: ТСМ

ХХ жазғы Азия ойындарында жетісайыс бойынша әйелдер арасындағы жеңімпаздар анықталды. Қазақстандық Алина Чистякова қола жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жарыс үш күнге созылып, спортшылар кедергілер арқылы 100 метрге жүгіру, биіктікке секіру, ядро итеру, 200 метрге жүгіру, ұзындыққа секіру, найза лақтыру және 800 метрге жүгіру сындарында бақ сынады.

Жалпы есепте Юри Танака (Жапония) 5920 ұпаймен бірінші, Нанака Каджики (Жапония) 5673 ұпаймен екінші орынды иеленді. Алина Чистякова 5568 ұпаймен үшінші орынға тұрақтады.

Айта кетейік, бұған дейін Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова 2006 жылы Дохадағы Азиадада жеңіске жеткен еді.

Көп оқылғандар