Сурет: sportilinet.kz
UFC президенті Дана Уайт Қазақстанда турнир ұйымдастыру мәселесін қарастырып жатқанын мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл бағытта жұмыс жүргізілуде және жарыс жақын арада өтуі мүмкін, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Уайт бұл туралы UFC 333 турнирінен кейінгі баспасөз мәслихатында айтты.
«Жақын арада. Біз осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз», деді ол.
Қазақстанда UFC турнирін өткізу мәселесі бірнеше жылдан бері көтеріліп келеді. 2020 жылы жарысты 13 маусымда өткізу жоспарланғанымен, коронавирус пандемиясына байланысты тоқтатылды.
2025 жылдың мамырында OCTAGON лигасының президенті Нұраддин Садықов Дана Уайтпен Қазақстанда турнир өткізу жөнінде келіссөздер бұрыннан жүріп жатқанын хабарлаған.
Қазір UFC-де Қазақстанның бес спортшысы өнер көрсетеді. Олар – Шавкат Рахмонов, Асу Алмабаев, Дияр Нұрғожай, Николай Веретенников пен Әліби Ыдырыс.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда ММА кафедрасы ашылуы мүмкін екенін хабарлаған болатынбыз.
Мазмұнға өту
