Басты тақырып

Ақордада Республика күніне орай Мемлекеттік ту көтерілді

Сурет: Ақорда

Ақорда резиденциясының алдындағы алаңда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Республика күніне орай Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Құрмет қарауылы ротасының бастығы Президентке рапорт берді. Содан кейін еліміздің Мемлекеттік туы көтеріліп, әнұраны орындалды.

Мемлекеттік ту көтеру рәсімі барлық өңірде жалғасады. Бүгін елімізде Республика күні аталып өтіп жатыр.

Ұлттық мереке қарсаңында Президент ел дамуына үлес қосқан азаматтарды марапаттады.

Көп оқылғандар