Сурет: Sports.kz
Жеңіл атлет Алина Чистякова Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында қола жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан құрамасының өкілі жеті сайыстың қорытындысы бойынша 5568 ұпай жинап, үшінші орынды иеленді.
Жапониялық Юри Танака 5920 ұпаймен алтын медальға қол жеткізсе, тағы бір жапониялық спортшы Нанака Кадзики 5673 ұпаймен күміс жүлдені иеленді.
2026 жылдың басында Чистякова жабық ғимараттағы Азия чемпионатында бес сайыстан 4181 ұпай жинап, чемпион атанған болатын.
Бұған дейін семсерлеуден Қазақстан әйелдер құрамасы қола медаль алған еді.
