Жайық news

Қазақстанда Отбасы апталығы басталды

Сурет: Жайық Пресс

Қазақстанда Отбасы апталығы басталды. Ол 7-13 қыркүйек аралығында өтеді. Бұл апталық республикада жыл сайын қыркүйектің екінші жексенбісінде атап өтілетін Отбасы күніне орайластырылған, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

БҚО әкімдігінің мәліметінше, апталық аясында еліміздің өңірлерінде отбасылық құндылықтарды нығайтуға, қарым-қатынас мәдениетін дамытуға және жауапты ата-ана болуға бағытталған ақпараттық, білім беру және қоғамдық іс-шаралар өтеді.

Отбасы апталығының әр күні жеке тақырыпқа арналған – ұрпақ сабақтастығы мен саналы отбасын құрудан бастап, балалар денсаулығы, қауіпсіздік, отбасылық амандық және ата-аналар мен балалардың бірлескен демалысына дейін.

Әлеуметтік желілерде «Біздің отбасымыздың бір күні» ұранымен #Otbasym2026 жалпыұлттық челленджі де өтеді.

Көп оқылғандар