Сурет: Үкіметтің Баспасөз қызметі
Үкімет қаулысымен бірқатар мемлекеттік органдарда кадрлық тағайындаулар мен босатулар жасалды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Айдар Төлетайұлы Жарылғанов ҚР Әділет вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Үкімет қаулысында көрсетілген.
Сонымен қатар Айдар Ахметбекұлы Әбілдабеков ҚР сауда және интеграция вице-министрі қызметінен босатылды. Батырбек Қадырбекұлы Әбдішев ҚР төтенше жағдайлар вице-министрі қызметінен босатылды.
Марғұлан Топашұлы Аманбаев ҚР Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен ведомство аппаратының басшысы болып тағайындалды.
