Ақорда

Айнұр Әбдірахманова еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болды

Сурет: Egemen Qazaqstan

ҚР Үкіметінің қаулысымен Айнұр Әбдіғақарқызы Әбдірахманова еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Айнұр Әбдірахманова 1984 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Ол Д.А. Қонаев атындағы университетті, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін және ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясын бітірген.

Еңбек жолын 2005 жылы Ақмола облысы Қорғалжын аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде бастаған. 2007–2008 жылдары Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде әлеуметтік нормативтер және әлеуметтік көмек бөлімінің бас маманы, бастығының м.а., бастығы қызметтерін атқарған.

2008–2014 жылдары ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қызметтер департаменті басқармасының сарапшысы, бас сарапшысы болды. 2014–2017 жылдары ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Әлеуметтік көмек департаменті әлеуметтік қолдау басқармасының бас сарапшысы қызметін атқарды.

2017–2020 жылдары ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік көмек департаментінің бас сарапшысы, басқарма басшысы болды. 2020–2022 жылдары «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ басқарма басшысы, бас сарапшысы қызметін атқарды. 2022–2024 жылдары ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі департаменті директорының орынбасары болды.

2024 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік көмек департаментінің директоры қызметін атқарды.

Сонымен қатар, ҚР Үкіметінің қаулысымен Нұрлыбек Әбиболлаұлы Асылбеков ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды.

Көп оқылғандар