Сурет: Egemen Qazaqstan
«Қазгидромет» 5 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады. Елдің батысында жаңбыр жауып, жел екпіні секундына 23–28 метрге жетуі мүмкін, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Ақтауда бұлтты, жаңбыр жауады. Жел 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с, кей уақытта 23–28 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде +12…+14°C, күндіз +18…+20°C.
Ақтөбеде де жаңбыр жауады. Жел 7–12 м/с, екпіні 15–20 м/с, кей уақытта 23 м/с-қа дейін. Түнде +2…+4°C, күндіз +11…+13°C.
Атырауда бұлтты, жаңбыр жауады. Жел 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с. Түнде +7…+9°C, күндіз +11…+13°C.
Оралда бұлтты, жаңбыр жауады. Жел 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с. Түнде және күндіз +3…+5°C.
Оңтүстік өңірлердің кей жерлерінде де жауын-шашын күтіледі. Алматыда жаңбыр жауады, жел 3–8 м/с, екпіні 13 м/с-қа дейін. Түнде +4…+6°C, күндіз +11…+13°C.
Астанада жауын-шашынсыз, жел 9–14 м/с. Түнде -4…-6°C, күндіз +7…+9°C. Шымкентте жауын-шашынсыз, жел 5–10 м/с. Түнде +6…+8°C, күндіз +16…+18°C.
Мазмұнға өту
