Сурет: Egemen Qazaqstan
Қазақстандық ауыр атлетші Нұрғиса Әділетұлы Қытайдың Нинбо қаласында өткен ересектер арасындағы әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Ол 95 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қоссайыс қорытындысы бойынша 399 келі (жұлқа көтеру – 182 кг, серпе көтеру – 217 кг) нәтиже көрсетті. Осылайша, Нұрғиса Әділетұлы қос жаттығуда да күміс жүлдеге ие болды.
95 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде: 1 орын – Карлос Насар (Болгария) 415 кг (185+230), 2 орын – Нұрғиса Әділетұлы (Қазақстан) 399 кг (182+217), 3 орын – Али Алипур (Иран) 396 кг (181+215).
Айта кетейік, 85 келі салмақта сынға түскен отандасымыз Алексей Чуркин әлем чемпионатында жүлдеге бір қадам жетпей қалып, төртінші орында тұрақтаған еді.
Мазмұнға өту
