Әлем

Трамп The New York Times жабылуы мүмкін деп мәлімдеді

Сурет: Report

АҚШ президенті Дональд Трамп The New York Times газетінің жақын арада жабылуы мүмкін екенін айтып, бұл оқиғаны «Америка үшін ұлы күн» деп бағалады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Трамп бұл пікірін Truth Social әлеуметтік желісінде жариялады. Ол басылым журналистерін өзі туралы ақпаратты фактчекингсіз, тексерусіз жариялады деп айыптады.

«Жақын болашақта бір күні The Times өзінің лас есіктерін жабуға мәжбүр болады және бұл Америка үшін ұлы күн болады», деп жазды АҚШ президенті.

Оның сынына газеттің Трампқа тиесілі Майамиге жақын Дорал қаласындағы курорттық кешенінің фотосын жариялауы себеп болған. 14-15 желтоқсанда бұл жерде G20 саммитін өткізу жоспарланған. Америкалық көшбасшының айтуынша, сурет әдейі қолайсыз ракурста көрсетілген.

Трамп сондай-ақ The New York Times газетіне деген сенімнің төмендегенін және оның таралымы қысқарып жатқанын мәлімдеді.

Бұған дейін АҚШ-та 2000 жылдардың ортасынан бері 3 500-ге жуық газет жабылған. Бұл ақпарат The New York Times газетінің әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланған болатын.

Көп оқылғандар