Ақорда

Қорғаныс министрлігі әскерилерді тамақтандыратын компанияларды конкурс арқылы таңдайды

Сурет: Қорғаныс министрлігі

Қорғаныс министрлігі 2027–2028 жылдары әскери қызметшілерді тамақтандыру қызметін көрсететін компанияларды анықтау үшін мемлекеттік конкурс өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Конкурсты ұйымдастыру Қорғаныс министрлігінің Мемлекеттік сатып алу орталығына жүктеледі. Орталық Қарулы күштердің жеке құрамын тамақпен қамтамасыз ететін жеткізушілерді іріктейді. Сатып алу рәсімі конкурстық тәсілмен жүргізіледі.

«Алдағы конкурс туралы ақпарат Қазақстанның мемлекеттік сатып алу веб-порталында жарияланады. Ал жеткізушілерді іріктеуге қатысты толық мәліметтер тиісті құжаттар орналастырылғаннан кейін белгілі болады», делінген хабарламада.

Айта кетейік, маусым айынан бастап әскери бөлімдерге мерзімді қызметтегі сарбаздарды сауда-тұрмыстық жағынан қамтамасыз етуге арналған Voenmart пилоттық жобасы енгізіле бастады.

Көп оқылғандар