Қоғам

Астанада заңсыз құрылысқа қарсы жасанды интеллект пен спутник қолданылады

Сурет: Egemen Qazaqstan

Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің қатысуымен үлестік құрылыс саласындағы заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Азаматтардың қаражатын заңсыз тарту және жаңа проблемалы нысандардың пайда болуы әлі де өзекті мәселе болып отыр. Құрылыс салушылар броньдау, цессия, алдын ала сатып алу-сату, инвестициялау шарттарын жасасу арқылы қолданыстағы талаптарды айналып өту тетіктерін пайдалануды жалғастыруда.

Бақылау жүйесін жаңғырту үшін жасанды интеллект пен спутниктік мониторинг сияқты заманауи технологиялық шешімдерді енгізу талқыланды. Бұл заңсыз құрылыс нысандарын жедел анықтауға және ықтимал тәуекелдерді алдын ала болжауға мүмкіндік береді.

Отырыс барысында мониторинг нәтижелері жосықсыз құрылыс компанияларына қатысты тексеру жүргізуге және тиісті шаралар қабылдауға, оның ішінде қылмыстық іс қозғауға дейінгі іс-қимылдарды жүзеге асыруға негіз болатын алгоритм әзірленді.

Сонымен қатар қолданыстағы заңнамаға бірқатар өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар әзірленді, олардың қатарында рұқсат беру құжаттарынсыз құрылыс жұмыстарын бастағаны үшін жеке қылмыстық жауаптылық белгілеу мәселесі де бар.

Көп оқылғандар