Спорт

Месси Аргентина құрамасындағы соңғы матчы алдында жаттығуға қатысты

Сурет: Getty Images

Аргентина құрамасы мен «Интер Майами» клубының жұлдызы Лионель Месси ұлттық құрамадағы қоштасу матчы алдында командаластарымен бірге жаттығуға қатысты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

«Мен дәл осындай ерекше сәттерді сағынатын боламын», деді Месси соңғы жаттығуында. Бұл сөзді инсайдер Фабрицио Романо жариялады.

Футбол аңызы Аргентина құрамасымен 2022 жылы әлем чемпионы атанып, 2021 және 2024 жылдары Америка кубогін жеңіп алды. Месси ұлттық құрама сапында 207 матч өткізіп, 125 гол соғып, Аргентина тарихындағы ең көп матч өткізген футболшы атанды.

Еске салайық, бұған дейін Месси Аргентина құрамасындағы мансабын аяқтайтынын мәлімдеді. Оның ұлттық құрама сапындағы соңғы ойыны 7 қазанға қараған түні Буэнос-Айресте Бенинге қарсы өтеді.

Көп оқылғандар