Спорт

Рыбакина Нинбодағы WTA 500 турнирінде қатарынан екінші рет жеңімпаз атанды

Сурет: ҚТФ

Елена Рыбакина Қытайдың Нинбо қаласында өткен WTA 500 санатындағы турнирде чемпиондық атақты жеңіп алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Әлемдік рейтингтің көшінде тұрған қазақстандық теннисші финалда Канада өкілі, әлемнің 30-ракеткасы Лейла Фернандеспен кездесті. Шешуші матч екі сетке созылып, Рыбакина 6:2, 6:2 есебімен басым түсті.

Корттағы кездесу 1 сағат 17 минутқа ұласты. Осы уақыт ішінде Рыбакина үш эйс жасап, екі рет қос қателікке жол берді, сондай-ақ бес брейк-пойнттың төртеуін сәтті пайдаланды.

Осылайша, Елена Рыбакина Нинбодағы WTA 500 турнирінде екінші жыл қатарынан чемпиондық атағын жеңіп алды.

Көп оқылғандар