Сурет: Никита Басов
ХХ жазғы Азия ойындарында сырықпен секіруден әйелдер арасындағы жүлде сарапқа салынды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
23 жастағы Полина Иванова үндістандық спортшымен бірдей көрсеткіш көрсетіп, екі қола жүлде табысталды. Анна Черкашина 4 метр нәтижемен 7-орынға тұрақтады.
1 орын – Мисаки Морота (Жапония) – 4.55 метр
2 орын – Ню Чуньгэ (Қытай) – 4.50 метр
3 орын – Полина Иванова (Қазақстан) – 4.15 метр
3 орын – Бараника Елангован (Үндістан) – 4.15 метр
Айта кетейік, бұл жеңіл атлетикадан ел қоржынына түскен үшінші жүлде. Бұған дейін спорттық жүрістен Кристина Морозова күміс медаль алса, Алина Чистякова жетісайыстан қола жүлдегер атанды.
