Шартарап

Астанада ұзындығы 1,4 шақырым мұз айдыны ашылады

Сурет: architecture astana

Елордада Abu Dhabi Plaza кешенінің жанында ASTANA WINTER PARK атты жаңа қысқы демалыс орны ашылады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бұл кәдімгі мұз айдыны емес, ұзындығы 1,4 шақырым болатын біртұтас бағытқа біріктірілген мұз жолдарының жүйесі. Мұз жабынының жалпы ауданы шамамен 6 000 м².

Жоба еуропалық мұз саябақтарының үлгісінде жасалған, онда конькимен сырғанауға ғана емес, мұз үстінде серуендеуге де болады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары үшін жылы павильондар, коньки жалға беру орындары, отбасылық демалыс аймақтары, мерекелік жарық безендірулері мен жаңа жылдық инсталляциялар қарастырылған.

Еске салайық, биыл елордада 1 мамыр күні «Мұз айдынындағы чемпиондар» атты ауқымды мұз шоуы өтіп, оған 9 мыңнан астам көрермен жиналды.

Көп оқылғандар