Шартарап

Ақын Жанна Елеусіз 55 жасында өмірден өтті

Сурет: Egemen.kz

Қазақ поэзиясының лирик ақыны әрі журналист Жанна Елеусіз 56 жасқа қараған шағында қайтыс болды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы марқұмның туыстарына, жақындарына және оқырман қауымға көңіл айтты.

Жанна Елеусіз 1970 жылғы 22 қарашада дүниеге келген. 1992 жылы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген.

Ақынның «Мен сүйетін дүние» және «Тіршілік трилогиясы» атты жыр жинақтары жарық көрген. Философиялық ойға, мұң мен нәзік сезімге толы өлеңдері оқырмандар мен әдебиетшілердің жоғары бағасына ие болды.

Сыршыл поэзиясымен танылған ақынның шығармашылығы әдеби ортада «ақсүйек поэзия» деген бағамен де ерекшеленген.

Көп оқылғандар