Сурет: istockphoto.com
Иран президенті Масуд Пезешкиан АҚШ әскери жолмен мақсатына жете алмаған соң экономикалық қысымға көшкенін айтты. Бұл туралы ол India Today телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Пезешкиан бұғаздағы блокадаға қатысты пікір білдіріп, Иран тек теңіз жолына тәуелді еместігін айтты. Сонымен қатар ол Ормұз бұғазындағы жағдайға байланысты Иран мен Оман арасындағы келіссөздер туралы сөз қозғады.
«Дүйсенбі күні Араб елдерінің сыртқы істер министрлері Маскатта жиналып, Оман мен Иран арасындағы Ормұз бұғазы арқылы бірлескен маршрут құру туралы келісімге қол қояды. Сондай-ақ бұл келісім туралы Халықаралық теңіз ұйымына хабарлайды», деді Пезешкиан.
Айта кетейік, 7 қыркүйекте Тегеран Ормұз бұғазын қайта жапты. Осыдан соң қос тарап бір-біріне соққы жасады.
