Сурет: Egemen Qazaqstan
Канада мен Еуропалық одақ стратегиялық серіктестік құру туралы келісімге қол жеткізді. Монреальда өткен саммитте бастаманы Канада премьер-министрі Марк Карни мен Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен таныстырды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
The Guardian басылымының мәліметінше, жаңа серіктестіктің негізгі мақсаты – сыртқы саясат пен қауіпсіздік салаларындағы байланыстарды нығайту. Тараптар сондай-ақ сауда кедергілерін жоюды, цифрлық нарықты дамытуды және маңызды минералдардың өзара жеткізілімін ұлғайтуды жоспарлап отыр.
Технологиялық ынтымақтастыққа да ерекше назар аударылды. Канада Еуропаның суперкомпьютерлер желісіне қосылады. Бұл Оттаваға жасанды интеллект модельдерін әзірлеу және оқыту үшін ЕО-ның есептеу қуатын пайдалануға мүмкіндік береді.
Бұған дейін Канада Еуропалық одақтың алғашқы «қауымдастырылған мүшесі» атануы мүмкін екені хабарланған болатын. Келісім аясында технология, шикізат, энергетика, қорғаныс, Арктика жобалары мен жасанды интеллект салаларында жаңа одақ құру бастамасы көтерілген. Алайда кейіннен Германия, Франция, Бельгия және Италия бұл мәртебені беру ұсынысына қарсы шыққаны туралы ақпарат тарады.
Мазмұнға өту
