Спорт

Азиада: Юлия Путинцева қола жүлдегер атанды

Сурет: ҚТФ

Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарының әйелдер арасындағы жекелей сынында Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева қола жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жартылай финалда ол Қытай спортшысы Чжан Шуаймен шеберлік байқасты. 1 сағат 23 минутқа созылған кездесу 6:4, 6:2 есебімен қытайлық теннисшінің пайдасына шешілді. Осылайша, Путинцева Азия ойындарының жекелей сынын қола жүлдемен тәмамдады.

Теннис федерациясының дерегінше, Юлия Путинцева Анна Данилинамен бірге әйелдер арасындағы жұптық сында да Қазақстан намысын қорғауда. Отандық дуэтті ширек финалдық кездесу күтіп тұр.

Көп оқылғандар