Әлем

Эр-Рияд әуежайына шабуылдан 13 адам қаза тапты

Сурет: AP

Сауд Арабиясы астанасындағы Король Халид халықаралық әуежайына 10 және 11 қазанда зымыран соққысы жасалды. Екі шабуылдың салдарынан 13 адам қаза тауып, 320 адам жарақат алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Reuters агенттігінің дерегінше, 10 қазандағы шабуылда 12 адам қаза тауып, 309 адам жараланған. Келесі күні әуежайға тағы да соққы жасалып, снаряд жолаушылар терминалдары орналасқан аумаққа түскен. Салдарынан өрт шығып, Пәкістан азаматы қаза тапты, тағы 11 адам жарақат алды.

Шабуылдарға жауапкершілікті Йемендегі хуситтер өз мойнына алған. Оқиғадан кейін әуежайдың жұмысы уақытша тоқтатылып, кейбір рейстер тоқтатылған немесе басқа бағытқа бұрылған. Қазір билік шабуылдардан келген шығынды бағалап жатыр.

Айта кетейік, шілде айында Йемен үкіметімен бітім бұзылғаннан кейін хуситтер Сауд Арабиясының әуежайларына, мұнай нысандарына және танкерлеріне бірнеше рет шабуыл жасаған болатын.

Көп оқылғандар