Спорт

«Бёрнли» бапкері Дастан Сәтпаевтың қашан құрамға қосылатынын айтты

Сурет: «Бёрнли» ФК

«Бёрнли» клубының бас бапкері Ники Хайен ұлттық құрама шабуылшысы Дастан Сәтпаевтың халықаралық үзіліс кезінде қатарға қосылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ники Хайен бұл жөнінде бапкерлік штабтың «Челси» өкілімен кеңесіп шешім қабылдағанын айтты.

«Дастан Сәтпаев халықаралық үзіліс кезінде оралады. «Челси» өкілі бізге келіп, дәрігерлерімізбен кеңесті. Екі тарап бірігіп, оның мүмкіндігінше тезірек алаңға оралуына арналған оңтайлы бағдарлама әзірледі», деді бапкер.

Айта кетейік, Дастан Сәтпаев «Мидлсброға» қарсы ойындағы жарақатына байланысты «Бёрнлидің» соңғы матчтарына қатысқан жоқ.

Халықаралық үзіліс кезінде ұлттық құрама жаңа бас бапкер Джон ван’т Шкиптің жетекшілігімен Ұлттар лигасындағы ойындарын өткізеді. Қазақстан 26 қыркүйекте сырт алаңда Фарер аралдарымен, 29 қыркүйекте Словакиямен кездеседі. 2 қазанда Молдованы қабылдаса, 6 қазанда Фарер аралдарына қарсы өз алаңында ойнайды. Бұған дейін Дастан Сәтпаев ұлттық құрамаға шақырту алған футболшылар тізіміне енген болатын.

Көп оқылғандар