Спорт

2030 жылғы Азия ойындары Дохада өтеді

Сурет: Азиада – 2026/ҰОК

XXI жазғы Азия ойындары 2030 жылдың қараша айында Қатар астанасы Дохада өтеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Доха Азия ойындарын бұған дейін 2006 жылы қабылдаған болатын. Енді 24 жылдан кейін қала құрлықтың басты спорт додасын екінші рет өткізеді.

Алдағы Азия ойындарының қожайындары бірнеше жыл бұрын белгілі болған. 2026 жылғы жарыс Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтеді. 2030 жылғы дода Дохада, ал 2034 жылғы ойындар Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында ұйымдастырылады.

Доха 2030 жылғы Азия ойындарын өткізу құқығын Азия Олимпиадалық кеңесінің Бас ассамблеясында жеңіп алды. Ол кезде Қатар астанасымен бірге Эр-Рияд та үміткер болған. Дауыс беру қорытындысы бойынша Дохаға 2030 жылғы, ал Эр-Риядқа 2034 жылғы Азия ойындарын өткізу құқығы берілді.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 2026 жылғы Аичи-Нагоя Азия ойындарын 12 алтын, 24 күміс және 48 қола медальмен аяқтады. Жалпы есепте спортшылар 84 медаль жеңіп алды.

Көп оқылғандар