Саясат

«Әділет» партиясы орта бизнесті дамыту мәселелерін талқылады

«Әділет» партиясының Іскерлік кеңес отырысында Қазақстандағы орта бизнестің үлесін арттыру, отандық компаниялардың өсуіне жағдай жасау және кәсіпкерлерге қолдау шараларын жетілдіру мәселелері талқыланды.

Партия төрағасы Айбек Дәдебайдың айтуынша, қазір елімізде 2 миллионға жуық шағын және орта бизнес субъектісі болғанымен, орта бизнеске жататын заңды тұлғалардың үлесі шамамен 0,2% ғана. Партия бағдарламасында бұл көрсеткішті 7%-дан 20%-ға дейін арттыру және бес жылда 1 миллион жаңа жұмыс орнын құру көзделген.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылы 429 кәсіпорын шағын бизнестен орта бизнес санатына өткен. Кәсіпорындардың өсу әлеуетін анықтау үшін «Өсу картасы» платформасы әзірленді.

Жиында кәсіпкерлерді бизнесті кеңейтуге ынталандыру, салықтық және әкімшілік кедергілерді азайту, инвестиция тарту, өндірісті дамыту және экспортты ұлғайту бойынша ұсыныстар айтылды. Сондай-ақ отандық өндірушілерді ірі жобаларға тарту және өндірістік кластерлерді дамыту қажеттігі атап өтілді.

Іскерлік кеңес бұдан әрі тұрақты форматта жұмыс істеп, кәсіпкерлердің ұсыныстарын нақты заңнамалық бастамалар мен Үкіметке ұсыныстарға айналдырмақ. Мақұлданған бастамалар іске асыру қадамдары көрсетілген ортақ жол картасына енгізіледі.

Көп оқылғандар