Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы БРИКС XVIII саммитіне қатысу үшін Нью-Дели қаласына барды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан Президентін Үндістан Үкіметінің ресми тұлғалары қарсы алды. Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев «аутрич»/«БРИКС+» форматындағы пленарлық отырыста сөз сөйлейді. Сондай-ақ бірқатар екіжақты кездесу өткізеді.
Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев 14-16 қыркүйекте Президент Ли Чжэ Мёңнің шақыруымен Корея Республикасына мемлекеттік сапармен барады.
15 қыркүйекте Сеулде жоғары деңгейде келіссөздер жүргізіліп, қазақ-корей кеңейтілген стратегиялық серіктестігін нығайту перспективасы талқыланады. Бұдан бөлек, Президент Кореяның ірі компаниялары жетекшілерімен кездеседі.
