Сурет: Egemen Qazaqstan
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Сауд Арабиясының азаматтық инфрақұрылым нысандарына жасалған шабуылдарға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Министрлік хусит жасақтарының Сауд Арабиясындағы азаматтық нысандарға жасаған, адам шығынына әкеп соққан шабуылдарын қатаң айыптады. Ведомствоның мәлімдеуінше, мұндай әрекеттерге гуманитарлық тұрғыдан жол беруге болмайды және олар халықаралық құқық нормаларын бұзады.
Сонымен қатар бұл шабуылдар Йемендегі ахуалды тұрақтандыруға бағытталған күш-жігерге нұқсан келтіріп, қақтығысты саяси жолмен реттеу үдерісіне кедергі жасайды. Осыған байланысты Қазақстан шабуылдарды дереу тоқтатуға және дағдарысты тек саяси-дипломатиялық құралдар арқылы шешуге шақырды.
Қазақстан Сауд Арабиясы Корольдігімен ынтымақтастық танытып, Корольдіктің Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысына сәйкес өз егемендігі мен қауіпсіздігін қорғауға құқылы екенін растады.
