Сурет: Egemen Qazaqstan
Өзбекстанның ерлер волейбол құрамасы Азия ойындарында Халықаралық волейбол федерациясының талаптарын бұзуға шақ қалды. Регламентке сәйкес команда мүшелерінің барлық спорттық киімі, оның ішінде шұлықтары да бір үлгіде болуы тиіс, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Ойындар қарсаңында құрама ойыншылары Жапониядағы FamilyMart дүкенінен 3 долларға қарапайым шұлық алыпты. Шұлықтағы түрлі-түсті жолақтар Өзбекстан туының түстерімен сәйкес келіп, волейболшыларға алаңға біркелкі киіммен шығуға жол ашқан.
Бұл жағдай әлеуметтік желілерде жылы лебізге ие болды. FamilyMart компаниясы да бұл оқиғаға қатысы барын мақтан ететінін жеткізді.
2026 жылы Айти мен Нагояда өткен жазғы Азия ойындарында Өзбекстан құрамасы Гонконгты ұтып, жалпы есепте 15-орынға тұрақтады.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Азия ойындарында 84 медаль (12 алтын, 24 күміс, 48 қола) жеңіп алып, 46 ел арасында жалпыкомандалық есепте сегізінші орынды иеленді.
