Сурет: Depositphotos.com
Жерде соңғы үш айдағы ең қуатты магниттік дауыл болды. Ол Қазақстан уақытымен түн ортасына таман басталды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Ресей Ғылым академиясының Ғарыштық зерттеулер институтына қарасты Күн астрономиясы зертханасының хабарлауынша, дауылдың қуаты G3 деңгейіне жетті. Географиялық ендігі 50 градустан жоғары аймақтарда қарқынды полярлық шұғыла байқалып, магниттік дауылмен қатар жүрді.
Бұл құбылыс апта басында Күн белсенділігі күрт өскен кезде ғарышқа тараған плазма бұлттарының Жерге жетуінен пайда болды.
Геомагниттік өрістегі ауытқулар бүгінгі тәуліктің соңына дейін сақталуы ықтимал. Соңғы рет осындай күшті магниттік дауыл 4 шілдеде тіркелген.
