Сурет: Видеодан алынған кадр
Индонезияның Суматра және Калимантан аралдарындағы орман өртінен тараған қара түтін Малайзия мен Сингапур аумағына жетті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Алапат өрттің туындауына Эль-Ниньо құбылысынан пайда болған құрғақшылық әсер еткен.
24KZ мәліметінше, ауа сапасының күрт нашарлауына байланысты Малайзияның бірқатар штатында және Куала-Лумпур қаласында бірнеше мектеп жабылды. Лас ауадан 1,5 млн-нан астам оқушы зардап шеккен.
Құтқарушылар жалынды сөндірумен қатар, өрт аумағында қалған жануарларды эвакуациялауға күш салып жатыр.
Бұған дейін Индонезия жағалауында жолаушылар паромынан өрт шыққаны туралы хабарланған еді.
