Әлем

Арктика мен Антарктида арасында спутниктік байланыс орнады

Сурет: Silkway

Қытай ғалымдары Арктика мен Антарктида арасында алғаш рет спутниктік байланыс орнатты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Олар Арктикадағы кемелерден Антарктидадағы «Циньлин» станциясымен «Гован» (Guowang) спутниктік жүйесі арқылы байланыс жасады. Silkway мәліметінше, бейнебайланыс кідірісі бір секундтан аз болып, деректерді беру жылдамдығы секундына 30 Мбитке жеткен. Зерттеушілер ғылыми мәліметтер мен кеме журналдарын да сәтті жіберген.

Спутниктерді ұшыру 2024 жылғы желтоқсан айында бастау алған. Қазіргі уақытта орбитада 180-нен астам спутник бар.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Антарктидадағы «Конкордия» зерттеу станциясында ауа температурасы –84,1°C-қа дейін төмендеп, соңғы 14 жылдағы ең төменгі көрсеткіш тіркелді.

Көп оқылғандар