Сурет: Видеодан алынған кадр
АҚШ-тың Флорида мен Алабама штаттарында «Исайяс» дауылы жағалауға соқты. Желдің жылдамдығы сағатына 169 шақырымға жетті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Дауылдың күші бірінші санатқа дейін әлсірегенімен, қатты жел, нөсер жаңбыр және су тасқыны жергілікті тұрғындарға қауіп төндіруде. ABC News мәліметінше, электр қуатының үзілуі үш штатқа әсер етті.
Флориданың кейбір аудандарында теңіз суының көтерілу деңгейі 2,7 метрге жетуі мүмкін. Жағалаудағы және ойпаң жерлердегі тұрғындар қауіпсіз аймақтарға көшірілуде.
Сонымен қатар дауылға байланысты Мексика шығанағындағы мұнай өндірудің 70 %-дан астамы уақытша тоқтатылды.
Бұған дейін осы дауыл салдарынан 530 мыңнан астам тұтынушы электр жарығынсыз қалғаны хабарланған болатын.
