Сурет: Kaz_Karateofficial
Жапонияның Нагоя қаласында 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтетін жазғы Азия ойындарына қатысатын каратэден Қазақстан құрамасының тізімі бекітілді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Ұлттық құраманың бас бапкері — Берік Қасенов. Аға жаттықтырушылар қызметін Бақтияр Тоқсейітов пен Мирас Шамов атқарады.
Қазіргі уақытта Қазақстан командасы Жапонияның Юки қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізуде. Құрама сапындағы барлық спортшы кумите бағдарламасында өнер көрсетеді.
XX жазғы Азиада аясында каратэ шеберлері ойындарды бірінші болып бастайды. Олар салтанатты ашылу рәсімінен кейін 20-23 қыркүйек аралығында татамиге шығып, барлығы 15 жүлде жиынтығын сарапқа салады. Ережеге сәйкес әр команда тек 6 дисциплина таңдап, спортшы апара алады.
